1 — мамыр бірлік күнінің қарсаңында Халықтар арасындағы достықты нығайту, мақсатында Алматы қаласындағы Жетісу ауданындағы «№67 бөбекжай балабақшасында» КМҚК ата -аналар мен балалар арасында «Достығымыз жарасқан» атты іс шара өтті. Іс шара барысында Ынтымақ , таулық, достық,бірілік,
жер бетіндегі халық бір- бірімен дос,туыс, бауыр екенін балаларға түсіндіріп өтті.

Іс-шара барысында балабақшадағы барлық топтардан « Балапан», « Ақбота» «Балдырған», «Балауса» және мектепалды «Ақтиін» , « Қарлығаш» топтарының ата аналар балаларымен қатысып әр ұлттың ойын түрлерін тағамдарын билерін таныстырып өтті.

Қазақстандағы барлық ұлттардың бірлігі мен достығы туралы балалар көп нәрсе білді. Еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығы – біздің басты байлығымыз екенін түсінді . Сол бірлікті сақтап, болашақта еліміздің абыройын асқақтатар азамат болуларыңа тілектеспіз.

Осы бағытта атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, сапалы білім мен саналы тәрбие берудің берік негізіне айналары сөзсіз.

КМҚК №67 бөбекжай балабақша меңгерушісі
Аймухамедова Гаухар Худаибердиевна
