Главное сегодня

Түлкі бикеш

Дауренбекова Жанар Молдагалиевна

Алматы қаласы Алмалы ауданы

КМҚК №14 бөбекжай балабақшасы

тәрбиеші

 

Түлкі бикеш

 

Білім беру: Шығармашылық

Ұйымдастырылған іс – әрекет: Дәстүрден тыс жіппен сурет салу

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы:  «Түлкі бикеш»

Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту, тілдерін дамыту, ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларды қорғауға  тәрбиелеу. Түлкінің дене бөлшектерін атау, шығармашылық іс-әрекетінде табиғи материалдарды дұрыс қолдана білу.

Көрнекілік материалдар: А3 форматта түлкі бейнесі, желім,алдын ала қиылған, ұсақталған жіптер, атрибуттар, тақырыпқа сай көрнекілік  суреттер, алжапқыш, сулы орамалдар, балаларға арналған А4 форматтағы түлкі бейнесі.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, бәріміз тұрайық, шаттық шеңбер құрайық!

«Шаттық шеңбері»

«Кел, балалар, күлейік» өлеңін айтады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі – көңіл айнасы,

Күліп өмір сүрейік.

Ғажайып сәт:

(Әуен ойнайды, есік қағылады, түлкі кіреді)

Тәрбиеші:

— Балалар, бізге қонақ  келген сияқты, қараңдаршы кім екен?

Балалар жауабы: Түлкі ғой

Тәрбиеші:

— Балалар, бұл қандай аң?

Балалар жауабы: Жабайы аң

Тәрбиеші:

— Дұрыс айтасыңдар. Бұл — түлкі.

— Қанекей, барлығымыз түлкімен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Түлкі бикеш!

Тәрбиеші:

— Түлкі, сен қайдан келдің?

Түлкі: Орманнан.

Тәрбиеші: Балалар, ендеше,  Түлкі бикешіміздің орманнан басқа,  Түлкі бикешімізді қандай ертегі әлемінде кездестіретінімізді  QR –ді сканерлеу арқылы білейік.

(тәрбиеші QR  сілтемесі арқалы балаларға ертегі үлгілерін көрсетеді)

Түлкі: Балалар, мен сендермен жақын дос болғым келеді, сендер маған  менің бейнемді бейнелеп бере аласыңдар ма?

Балалар: Әрине

Тәрбиеші: Олай болса, балалар, шығармашылық ортаға барып, біз түлкінің бейнесін дәстүрден  тыс  әдіс-тәсілді қолдану  арқылы бейнелеп берйік. Біз түлкінің бейнесін арнайы  алдын — ала дайындалып кесілген  ұсақталған жіп, желімнің көмегімен жасаймыз.  Алдымен түлкінің дене бөлшектерін атап өтейікші.

Балалар: Құлағы, мұрны, денсі, бұлаңдаған құйрығы.

Жұмыс барысы: (тәрбиеші  жасалу жолын түсіндіреді, көрсетеді)

(Күй әуені ойнап тұрады, балалар жұмысты орындайды)

Түлкі: Ой, қандай керемет достарым! Сендерге рақмет! Сендер менің бейнемді айнытпай жасап бердіңдер! Мен құр қол келмедім өзімнің  сиқырлы сандығымды  ала келдім! (Түлкі бикеш сиқырлы сандықты тәрбиешіге тапсырады)

Тәрбиеші: Қане, балалар бой сергітіп алайық, Түлкі бикешке ормандағы достарының  қимылдарын көрсетейікші.

Сергіту сәті:

«Аңдар жүрісін салайық»

(Әуенді тыңдап, аңдардың атрибутын киіп, жүрісін  көрсетеді)

Түлкі: Жарайсыңдар, балалар! Сендер, шапшаң, ақылды, өнерлі екенсіңдер! Мен достарымды сағынып кеттім, менде өз орманыма қайтатын уақыт болды. Сендермен қоштасамын. Сау болыңдар! (Түлкі бикеш шығып кетеді)

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, балалар, сендерге мен ризамын! Қане, балалар Түлкі бикештің сиқырлы сандағын ашып көрейікші, ішінде не бар екен? (Сиқырлы сандықтың  ішінен бауырсақ тар алады)

Кері байланыс:

— Балалар, бүгінгі  ұйымдастырылған іс-әрекет  сендерге  ұнады ма?

Балалардың жауаптары.

— Бүгін бізге қонаққа кім келді?

— Түлкі бикеш.

— Дұрыс айтасыңдар, ол қайдан келді?

— Орманнан.

— Жарайсыңдар, балалар.

Мадақтау.

Тәрбиеші:

— Бәрекелді, белсенділіктерін үшін сендерге  Түлкі бикештің сиқырлы сандығы сыйлаған бауырсақтар  таратамын.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *